Арнайы шаттл автобустар Астана күні мерекесіне арналған OPEN AIR мерекелік концерті өтетін ЭКСПО аумағына жеткізеді.
Азаматтардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін Ұлы Дала – Түркістан – Т.Рысқұлов – Ақмешіт көшелерінің алаңында қозғалыс шектеледі.
Осы орайда, ыңғайлы болу үшін елорда әкімдігі 2 тегін автотұрақ ұсынады. Сол тұраққа жеке көлігіңізді қалдырып, арнайы автобустарға («Shuttle Bus») отыруға болады. Шара соңында сол автобустар қайта кері жеткізеді.
Автотұрақ мекенжайлары:
- Бас Мешіт тұрағы (Мәңгілік Ел даңғылы, 65)
- «Барыс Арена» автотұрағы (Тұран даңғылы, 57).