31.08.2023

Орталық кассаға келушілер назарына

Құрметті Орталық касса келушілері!

«CTS» Орталық кассасына жүгінген кезде тәртіпті сақтап, басқа келушілерге құрмет көрсетулеріңізді сұраймыз!

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, сондай-ақ өз атына жеңілдікті картасын рәсімдейтін көп балалы аналарға кезектен тыс қызмет көрсетіледі.

Орталық кассада келесі мәселелер бойынша қызмет көрсететін 10 терезе жұмыс істейді:
- 1 терезе көлік карталарын толтыру;
- 2, 3, 4, 5, 6 және 7 терезелер мектеп карталарын шығару және қайта шығару;
- 8 терезе картадағы қаражатты қайтару;
- 9 және 10 терезелер жеңілдікті көлік карталарын шығару және қайта шығару.

Кассадағы кезекті болдырмау үшін мектеп картасын Transcard.kz сайтында ОНЛАЙН рәсімдеуді пайдалануға кеңес береміз. Картаны онлайн рәсімдеу кезінде жақын тастаматқа дейін ақылы жеткізу қызметін пайдалануға болады немесе дайын болғаннан кейін Орталық кассадан кезек күтпей алып кете аласыз.

Кассадағы төлем қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен.

Орталық кассаның мекен-жайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.

Жұмыс уақыты: сағат 09:00 – ден 18:00-ге дейін (соңғы талон сағат 17:45-те беріледі), түскі үзіліссіз, жексенбі - демалыс.

Тізімге оралу

KZ  RU