27.03.2024

Орталық касса: қызметтері, жұмыс уақыты, жетуге болатын бағдарлар

Құрметті Орталық касса келушілері!

Орталық кассада келесі қызмет түрлерін алуға болады:
- мектеп және жеңілдікті карталарды шығару және қайта шығару;
- көлік карталарын сатып алу, толтыру, қайтару, ауыстыру;
- көлік әмиянына қате толтырылған ақша қаражатын қайтару.

Күнделікті осы қызмет түрлері бойынша 300-350 келуші жүгінеді. Касса түскі үзіліссіз жұмыс істейді, 10 терезе қызмет көрсетеді. Әдетте, пайдаланушылар ағынының үлкен легі оқу жылының басталу кезеңінде, яғни тамыздың ортасынан басталып, қазан айына дейін жалғасады.

Орталық кассада төлемді қолма-қол ақшамен және POS терминал арқылы кез келген екінші деңгейдегі банктің карталары бойынша, сондай-ақ Халық банкінің қосымшасымен QR-кодты сканерлеу арқылы жасауға болады.

Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанда барлық ақшалай есеп айырысулар кассалық чектермен бекітілуі тиіс, осыған байланысты Kaspi мобильді қосымшасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлем қабылданбайды.

Орталық касса сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (соңғы талон сағат 17:45-те беріледі), түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Жексенбі - демалыс.
Мекен-жайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.

Кассаға 14 бағдармен жетуге болады:
- «Еркемай» балабақшасы аялдамасына: №№ 3, 11, 20, 21, 33, 41, 57, 84 бағдарлар;
- «Тұрсын Астана-2» аялдамасы: № 43 бағдар;
- «Барыс» ТҮК аялдамасы (бір аялдама жетпей): №№ 47, 29, 29а, 24, 31 бағдарлары

Жоспарда виртуалды көлік карталарын енгізу бар, олай болған жағдайда физикалық карталарды алып жүру қажеттілігі болмайды. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз.

Тізімге оралу

KZ  RU