04.12.2023

Қосшы қаласының тұрғындары үшін тамаша жаңалық!

Көліктік қызмет көрсетуді жақсарту шеңберінде 5 желтоқсаннан бастап № 323 бағдарда 9 бірлік автобус қосылады.
Бұған дейін бағдарда 3 бірлік автобус жүрген болатын, ертеңнен бастап желіге 12 бірлік шығады.

Сондай-ақ, бағдардың қозғалысы Қосшы қаласына дейін ұзартылады.
Жаңарту бағдардың қозғалыс кестесі мен схемасына әсер етеді.

Қозғалыс кестесі мен толық схемасын біздің @cts_kz парақшамыздағы өзекті стористен немесе профиль сипаттамасындағы Taplink сілтемесіне өту арқылы табуға болады.

Құрметті жолаушылар! Сізден жол ақысын төлеуді ұмытпауыңызды сұраймыз, қоғамдық көліктің дамуы, атап айтқанда: жылжымалы құрамды жаңарту, автобустарды қосу және жаңа бағдарларды іске қосу жол ақысына байланысты.

Тізімге оралу

KZ  RU