Оқу жылының басталуына байланысты оқушыларға жол қозғалысы және қоғамдық көлікті пайдалану ережелерін сақтау маңызды.
Осыған орай, «City Transportation Systems» ЖШС қызметкерлері мектептер мен колледждерге барып, тұрақты түрде түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Кездесулер барысында оқушыларға:
• жол белгілеріне назар аудару және бағдаршамнан дұрыс өту;
• жолдың жүру бөлігін тек жаяу жүргіншілер өткелінен және белгіленген орындардан кесіп өту;
• атаулы көлік карталарын дұрыс рәсімдеу және пайдалану, сондай-ақ әр сапар кезінде картаны міндетті түрде валидациялау қажеттігі түсіндіріледі.
Білім беру ұйымдарының басшыларына түсіндіру сипатындағы жадынамалар қағаз және электрондық форматта ұсынылады.