Осы жылдың 19 наурызынан бастап көлік бақылау департаментінің қызметкерлері полиция және медицина мамандарымен бірге тосқауыл бекеттерінде жұмыс атқарып келеді. Бұл жолы олар автобус жүргізушілері мен жолаушыларды тексермейді. Олар тосқауыл бекеттерінен өтіп жатқан азаматтарға кеңес береді.
30 наурызға дейін КБД қызметкерлері алты тосқауыл бекеттерінде (Нұр-Сұлтан қаласы және Жібек жолы, Қоянды, Ильинка, Талапкер, Қосшы ауылдары маңында) жұмыс істеген. Бүгінде олар: Жібек жолы бекетінде сағат 09:00-ден 01:00-ге дейін, Қоянды және Көкшетау бекеттерінде сағат төрттен түнгі бірге дейін қызмет көрсетеді.
Жұмыс кестесі ауысымды. Жұмыс уақыты басталар алдында медбикелер барлық қызметкерлердің дене қызуын өлшейді. Бекеттердің өздері арнайы залалсыздандыру құралдарымен жабдықталған.
Біздің қызметкерлер адамдардың өтуі мен шығуын, олардың мекен-жайын, тіркелген жерін, қайдан келе жатқанын, себебін және т.б. тексереді. Сондай-ақ, жеңіл көлік, жолаушы және жүк тасымалдайтын көліктерді, олардың ТЖ кезеңінде жүріп-тұру үшін рұқсат құжаттарының болуын қадағалайды.
Касиет Байғазыұлы, КБД менеджері адам ең көп өтетін бекеттердің бірінде жұмыс істейді. Ол Жібек жолы ауылы маңындағы тосқауыл бекеті.
Толқудың бар екенін мойындайды, өзі үшін емес, туыстары үшін қорқатынын айтты. «Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Әрине, қорқыныш бар, бірақ мұнда біз медицина және полиция қызметкерлерімен бірге бір жұмыс атқарамыз. Біз тосқауыл бекеттерін өтетін адамдарға кеңес береміз, анықтамаларын тексереміз. Әрбір азаматқа бара жатқан жеріне баруға көмектескіміз келеді», - деді Касиет.