26 қазаннан бастап № 80 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгереді. Енді бағдар «Отау» шағын ауданына кірмей жүреді.
Өзгеріс бағдардың техникалық сипаттамаларын жақсарту және түзулікті арттыру мақсатында енгізілді.
Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.
«Отау» шағын ауданының тұрғындарының ыңғайлылығы үшін 26 қазаннан бастап № 505 жаңа экспресс-бағдар, «Отау» ТК және «Ырыскелді Қажы мешіті» қатынасымен, іске қосылады. Бағдарда аялдамалардың аз болуы жол жүру уақытын едәуір қысқартады, бұл жылдам әрі ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз етеді .Сондай-ақ, №80 бағдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, №80 бағдарда жұмыс және демалыс күндері жүретін автобус саны көбейді. Бұл жолаушылар үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.