Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Этноауыл бағытында қатынайтын шатл автобустарының саны 4 бірліктен 7 бірлікке артты. Қатынау жиілігі 10 минутқа қысқарды.
Шатл автобустары қаланың 3 нүктесіндегі тұрақтардан шығады:
* Астана арена - 7 бірлік
* Бас Мешіт - 7 бірлік
* Expo аумағы- 7 бірлік
Қонақтардың жайлылығы үшін шатл автобустардың қозғалысын Avtobys қосымшасынан бақылауға болады, сондай-ақ осы қосымшамен жолақысын төлеуге болады.
Ойын көруге билеттері бар жолаушыларға жол жүру тегін.