Пандустардың жұмыс жағдайы, мүмкіндігі шектеулі топтарға арналған орын, мүмкіндігі шектеулі жандарды отырғызу және түсіру бойынша жүргізушілердің нұсқаулықты білуін тексеру мақсатында, CTS көліктік бақылау департаменті мен «Elaman» әлеуметтік инновациялық жобалар қорының төрағасы, Астана қаласы «Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» ММ инклюзияны дамыту жөніндегі кеңесшісі Жанат Атығайұлы Қабдолламен жоспарлы бірлескен сапар ұйымдастырылды.
Тексеру барысында 2 бұзушылық анықталды, олар бойынша тасымалдаушыларға тиісті хабарлама жіберіледі.
Айта кетейік, бүгінгі таңда елордалық автопарктерде 1396 автобус бар, оның 82% - ы пандустармен жабдықталған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қоғамдық көліктің барлық жүргізушілерімен ерекше қажеттіліктері бар жандарға қызмет көрсету бойынша оқыту және біліктілігін арттыру жүргізіледі.