Егер де сіздің жалға алу туралы шартыңыз аяқталған болса, уайымдаудың қажеті жоқ. Паркингтерді әрі қарай қолдана аласыздар.
Бұл күндері жалға алу шартының мерзімін ұзартуға және оны төлеуге мүмкіндік жоқ екенін түсінеміз. Сол себепті жалға алу ақысын карантин аяқталған соң төлей аласыздар.
Күн сайын паркингтерді пайдалану күндерінің санын есепке алу жүргізіледі. Бұл деректер арқылы ай сайынғы төлем сомасын есептейміз.
Сонымен қатар айыппұл енгізілмейді.