2023 жылғы 4 ақпаннан 6 ақпанға дейін серверлердегі профилактикалық жұмыстарға байланысты, көлік карталарын мобильді қосымшалар арқылы қашықтықтан толтыру қолжетімсіз болады.
Көлік карталарын RTVM автоматтары мен мамандандырылған кассалар арқылы лезде толықтыру штаттық режимде жұмыс істейді. Мамандандырылған кассалар мен RTVM автоматтарының мекенжайларын transcard.kz сайтынан көруге болады.
Бүгінгі таңда автобуста жол ақысын көлік картасымен, сондай-ақ келесі мобильді қосымшалар арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы төлеуге болатынын атап өту қажет:
«Kaspi.kz»
«Homebank»
«Мой Activ»
«Kcell»
Transcard, Мой Beeline, Plus24 (Касса24), QIWI, Теле 2, Jusan bank сияқты басқа қосымшалар интеграциялық техникалық іс-шаралардан өтуде және жақын арада жұмысын жалғастыратын болады.