29.03.2024

RTVM-автоматтар біртіндеп өшіріледі

Құрметті жолаушылар мен көлік картасын пайдаланушылар!

Көлік картасын сатып алу және толықтыруға арналған RTVM-автоматтар біртіндеп өшірілетіндігі туралы хабарлаймыз.

RTVM-автоматтарды демонтаждау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Барлығы қала бойынша 30 RTVM-автоматтары бар.

30 наурызда 6 RTVM-автомат өшіріледі:

* «Северный» СҮ, Қосшығұлұлы к., 9;
* «Сұңқар» СҮ, Республика даңғ., 26;
* «Орбита» СҮ, Петров к., 1;
* «Магнум» СО, Еділ к., 21;
* Ғабит Мүсiрепов к., 9Б;
* «Магнум» СО, Уәлиханов к., 20.
Айта кетейік, бұған дейін «Аймақ Тау» CҮ орналасқан 2 RTVM-автомат өшірілген еді.

Қалған RTVM-автоматтар қалыпты жұмыс істеп тұр. Олардың өшірілуі туралы қосымша хабарлаймыз.

Айта кетейік, бүгінде Астана қ. енгізіліп жатқан жаңа электронды төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін қашықтан және лезде толықтыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жақында көлік картасын толтырудың жаңа әдісі туралы хабарлаймыз.

Тізімге оралу

KZ  RU