САУАЛНАМА

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

10 қазаннан CTS көлік компаниясы көліктің барлық түрлерін (жеке көлік, қоғамдық көлік, такси және т. б.) пайдаланушылардың мінез-құлқы мен қалауын анықтау мақсатында тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді. Сондай-ақ, бұл талдау көлік кешенінің қызмет көрсету сапасын аудандар мен тәулік уақыты бойынша бағалау үшін қажет.

City Transportation Systems мақсаты – автокөлік жүргізушілеріне, қоғамдық көлік, такси және басқа да қызметтерді пайдаланушыларға ыңғайлы сапар үшін тиімді шешімдер әзірлеу.

Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, сауалнама сұрақтарына жауап беруіңізді, осылайша, көлік кешеніне қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектесуіңізді сұраймыз.

Қолайлы көлікті бірге жасайық!

Тізімге оралу

KZ  RU