Құрметті қоғамдық көліктің жолаушылары мен елорда тұрғындары!
Маусымның 15-нен 16-на ауысқан түні Ш. Айтматов көшесінде Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ енгізіледі. Ол Ш. Қосшығұлұлы көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскені қамтиды, жалпы ұзындығы 10,5 км болады.
Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл осы жылы 7 учаскеде енгізілетін Bus Lane жолақтардың алғашқысы. Бұған дейін айтқандай, бөлінген жолақтар Мәңгілік ел даңғ., Тұран даңғ., Тәуелсіздік даңғ., Керей Жәнібек хандар к., Ұлы Дала даңғ., Р. Қошқарбаев даңғ. енгізіледі.
Bus Lane қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.