07.02.2020

Автобустардағы бақылау

Автобустардағы бақылау

Жолаушылардың көпшілігі адал және көлік картасын үнемі валидациядан өткізеді, SMS арқылы жол ақысын төлейді.

Бірақ «тегін жүруді» қалайтындар да бар. Бүгін Көліктік бақылау департаментінің жұмысы туралы жазғымыз келеді.
Мүмкін, оларды сіз бүгін кездестірген де шығарсыз.

Бұл азаматтар күнде таңғы сағат 7-ден кешке дейін автобустарда тексеру жүргізеді. Олардың күш-жігері арқасында полиция жол ақысын төлемегендерге ҚР ӘҚБтК-не сәйкес 2 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салады. Мұндай айыппұл күн сайын 20 және одан да көп жолаушыға салынады.
КБД менеджерлері Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдке шығады. Бұл бағыттағы жұмыс үздіксіз жүргізілуде.
Өкінішке қарай, осыған қарамастан, жол ақысын төлеуден қашқақтайтын жолаушылар әлі де бар.
Жол ақысын әрдайым төлеп жүретін жауапты жолаушыларға алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, "бақылауды күшейту керек" дейтіндерге де көп рахмет. Сіз секілді азаматтар біздің қоғамның жақсаруы мен дамуына өз септігін тигізеді.

Тізімге оралу

KZ  RU