«VeloBike» велосипед жалдау қызметі үшін төлем жасау одан да жеңілдетілді. Енді, теңгерімді Qiwi терминалдары, сонымен қатар qiwi.com сайты арқылы толықтыруға болады.
Естеріңізге сала кетейік, елордадағы велосипед жалдау жүйесін пайдалану үшін velobike.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Абонементті сатып алу және теңігерімді толықтыру сайт, кассалар, Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы жасалады. Сондай-ақ, енді Qiwi терминалдары төлем қабылдайды.