04.11.2022

Қоғамдық көлік қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі кеңес

Қоғамдық көлік қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі кеңес

Осы аптада CTS компаниясының Көлік бақылау департаменті қызметкерлерінің Астана қаласы автобус парктерінің қозғалыс қауіпсіздігі инженерлерімен бірлескен жиналысы өтті. Жиналыс барысында автобус парктерінің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары, оның ішінде 2022 жылдың тоғыз айында жол қозғалысы ережелерін бұзу себептері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар Жолаушыларды тасымалдау қағидалары, Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары талаптарының сақталуына, атап айтқанда автобус салонын жарамды санитариялық-техникалық жағдайда ұстауға ерекше назар аударды. Тасымалдаушылар жылжымалы құрамның техникалық жағдайын бақылауды күшейтуге және жүргізушілер құрамымен профилактикалық жұмыс жүргізуге шақырылды.

Жол бағдар желісіндегі кемшіліктерді жою мәселелері бойынша қорытындылар шығарылды, атап айтқанда, бүгінгі таңда жол желісінің 17 проблемалық учаскесінің 95%-ы жойылды, бұл жол төсемін кеңейту, аялдама алаңдарын асфальттау, сондай-ақ шұңқырларды ағымдағы жөндеу.

Тізімге оралу

KZ  RU