22.04.2024

Сығанақ к. қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

LRT құрылысын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі. Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша:
- 24 сәуірден 30 қарашаға дейін Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс толық жабылады. Ол жерде «Абу-Даби Плаза» бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіледі.

Өз кезегінде Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады.

Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU