Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша
магистральдардың жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде LRT жұмыстарын
жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесі бойынша жол
қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі:
- 8 шілдеден 31 тамызға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік
Ел даңғылының көлік айрығына дейінгі учаскеде ростверктерді,
тіректер мен ригельдерді орнату бойынша жұмыстарды орындау
үшін, қозғалыс жолында ішінара шектеу болады. Бұл
ретте Достық көшесі жағынан Сығанақ көшесіне оңға бұрылу съезі жабылады.
Жол жүру бағытын
алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша
қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.