22.12.2023

Сығанақ көшесіндегі қозғалыс қалпына келтіріледі

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Сауран мен Ақмешіт көшелерінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары аяқталды.

Осыған байланысты, 25 желтоқсаннан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан «Арыс» көпіріне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен қалпына келтіріледі. Қозғалыс әкімшілік полиция басқармасымен келісілген Жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына сәйкес жүзеге асырылады.

Айта кетейік, эстакаданың құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалысқа толығымен, Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) ішінара шектеу (екі жолақ) енгізілген болатын.

Қазіргі уақытта, аталған учаскеде уақытша конструкцияларды бұзу және учаскені тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жол қозғалысының барлық қатысушыларын қиылыстардан өту кезінде жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерге назар аударуды және сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.


Тізімге оралу

KZ  RU