29.08.2023

Сығанақ көшесіндегі қозғалыстың жабылуы туралы ақпарат

Маңызды ақпарат!

LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты, 29 тамыздан бастап Сығанақ көшесіндегі «Номад» ТК-дан Ақмешіт көшесіне дейін (Еуропа палас ТК) оңтүстік жағымен (көпірге қарай бағыт) қозғалыс шектеледі. Бұл ретте Сығанақ көшесін Сауран және Ақмешіт көшелерімен кесіп өтуге болады.

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

Тізімге оралу

KZ  RU