Қашықтан толтыру кезінде төлем 24 сағат аралығында өңделеді. Сондай-ақ, қашықтан толтыру қызметі төлемді өңдеуге қабылдаған күннен бастап 15 күн ішінде активация жасау керек. Егер осы уақыт аралығында белсендіріп үлгермесеңіз, Сіздің ақшаңыз ешқайда жоғалып кетпейді. Төлем жүйемен бұғатталады. Сіз оны Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассада қалпына келтіре аласыз немесе iKomek 109 қызметіне хабарласу арқылы өтінім қалдыра аласыз.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін автобус ішінде валидатордың танығышында немесе RTVM автоматында төлемді белсендіруді ұмытпауға шақырамыз.
Кассалардың жұмыс уақыты мен мекенжайларын, сондай-ақ RTVM автоматтарының мекенжайларын cts.gov.kz сайтынан табуға болады.