01.02.2024

Төлемді белсендіру мерзімі енді 30 күн

Осыған дейін төлемді белсендіру мерзімі 15 күн болса, енді төлемді белсендіру мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды.

Көлік картасының теңгерімін толтырғаннан кейін немесе таңдалған тарифті сатып алғаннан кейін төлем белсендіруді қажет етеді. Төлемді белсендіру үшін көліктік картаны автобустағы планшетте 2-3 секунд ұстап тұру керек.

Айта кетейік, төлемді белсендіру кезінде бір мезгілде жол ақысын алу жүргізіледі. Төлемдерді іске қосу кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.

30 күнде белсендіріп үлгермеген жағдайда, төлем жүйемен бұғатталады. Оны қайта іске қосу үшін Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасына бару керек немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Төлемді уақытылы белсендіруге шақырамыз.

Тізімге оралу

KZ  RU