31.03.2025

Тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтарына арналған жылжымалы құрамның қолжетімділігінің сәйкестігін бақылау

CTS Көліктік бақылау департаменті қызметкерлері «Elaman» әлеуметтік инновациялық жобалар қорының төрағасы, Астана қаласы «Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ инклюзияны дамыту жөніндегі кеңесшісі Жанат Атығайұлы Қабдолламен Астана қаласының жылжымалы құрамына жоспарлы бірлескен мониторинг ұйымдастырды.

Мониторинг аясында пандустардың жұмыс жағдайы, мүмкіндігі шектеулі топтарға арналған орын, мүмкіндігі шектеулі жандарды отырғызу және түсіру бойынша жүргізушілердің нұсқаулықты білуіне аса назар аударылды.

Барлығы 13 автобус тексеріліп, оның ішінде 2 автобуста бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ отырғызу кезінде қолғапты пайдаланбағаны үшін 4 жүргізушіге және мүгедек адамдарды отырғызу/түсіру жөніндегі нұсқаулықты білмегені үшін 5 жүргізушіге ескертулер жасалды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елорда автопарктері автобустарының 88 % пандустармен жабдықталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қоғамдық көліктің барлық жүргізушілерімен ерекше қажеттіліктері бар жандарға қызмет көрсету бойынша оқыту және біліктілігін арттыру жүргізіледі.

Тізімге оралу

KZ  RU