Құрметті қала тұрғындары мен жолаушыларымыз!
Тұран даңғылының тағы бір бөлігінде, Керей Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі аралығында арнайы бөлінген Bus Lane жолағы енгізіледі.
Қазіргі уақытта жолақтарды сызу, жол белгілерін орнату және инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Bus Lane іске қосылатын күнін қосымша хабарлаймыз.
Bus Lane енгізу қоғамдық көліктің қозғалыс аралығын реттеуге және жолаушылардың аялдамаларда автобусты күту уақытын қысқартуға, жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.