Бір көліктік картаның әмиянына қажетті тарифтің барлығы енгізіледі. Бастысы олардың жүктеу жолын білу, яғни RTVM автоматы, касса, http://transcard.kz сайты және Transcard (iOS, Android) мобильдік қосымшасы арқылы жүктеледі. Айтпақшы http://epay.transcard.kz арқылы теңгерімді толықтырып қана қоймай, оның жұмсалуын да тексеруге болады.
Сонымен, егер де пайдаланушының көліктік картасында ақшалай қаржы, айлық жол жүру және тәуліктік тариф болған жағдайда, олардың жұмсалыуы төмендегідей:
1. Айлық жол жүру – 1, 3 ай;
2. Тәуліктік тариф – 1, 3, 5, 15 күнге;
3. «Ауысып отыру мүмкіндігімен 15 сапар», «Ауысып отыру мүмкіндігімен 30 сапар» тарифі;
4. Көлік әмиянындағы теңгерім.