25.07.2024

Төрт rtvm-автоматы алынып тасталды

Құрметті жолаушылар!

Жол ақысының электронды төлеу жүйесін жаңғырту аясында төрт RTVM автоматы істен шығарылып, алынып тасталды. Ол:

Сарыарқа даңғылының бойындағы екі жақтағы «Медакадемия» аялдамалары, сондай-ақ А. Бараев көшесі бойының екі жағындағы «Александр Бараев» аялдамалары.

Жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесін пайдаланушылар үшін көлік карталарының теңгерімін лезде толтыру және/немесе жол жүру ақысын төлеу тарифтерін сатып алу үшін «Halyk» және «Kaspi» арнайы банк қосымшаларын, «Ю станция» және «Kassa24» терминалдарын пайдалануды ұсынамыз. Ол үшін «Тасымалдау» бөліміне өтіп, «CTS» логотипін таңдаңыз. QIWI терминалдары биылғы жылдың 3-4 тоқсанында қосылады. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін қалған 17 RTVM-автоматын демонтаждау жоспарда бар.

Олардың орналасқан жерін https://transcard.kz/ сайтынан қарауға болады.

Тізімге оралу

KZ  RU