Аталған қиылыста эстакаданың құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты учаскеде 2023 жылғы 14 тамыздан бастап қозғалысқа ішінара шектеу қойылған еді.
Осылайша, 25 қазаннан бастап Тәуелсіздік даңғылындағы автокөлік қозғалысы толығымен қалпына келтіріледі және қозғалыс барлық жолақтар бойынша жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта уақытша конструкцияларды бұзу және учаскені тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.