Астана қаласының жүргізушілері мен тұрғындарының назарына!
Тәуелсіздік даңғылы – Ж. Нәжімеденов көшесінің қиылысында жол қозғалысын ұйымдастырудың өзгеретіні туралы хабарлаймыз.
Енді Тәуелсіздік даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесі жағынан Ж. Нәжімеденов көшесіне оңға бұрылу белгіленген оң жақ шығу бойынша жүзеге асырылады, оған кіру Ш. Қалдаяқов көшесінен кейін бірден болады.
Бұл ретте қиылыс арқылы оңға бұрылуға тыйым салынады.
Жүргізушілерден өз бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.