09.06.2020

Тәуліктік жол жүру деген не?

Тәуліктік жол жүру деген не?

Тәуліктік жол жүру –қоғамдық көлікте белгіленген уақытта шектеусіз жүруге мүмкіндік беретін тариф түрі.

Ол үшін бөлек көлік картасын сатып алу қажет пе? Жоқ, тәуліктік тариф қолда бар көлік картасына жүктеледі.

Тәуліктік жол жүрудің қандай түрлері бар және бағасы?
- «1 тәуліктік жол жүру» тарифі – 500 тг;
- «3 тәуліктік жол жүру» тарифі – 1 500 тг;
- «5 тәуліктік жол жүру» тарифі – 2 000 тг;
- «15 тәуліктік жол жүру» тарифі – 4 000 тг.

Тәуліктік жол жүру қай кезден бастап жүруге жарамды? Тәуліктік жол жүру көлік картасын валидация жасаған сәттен бастап қосылады.

Тәуліктік жол жүру қандай бағдарларда жарамды? Тәуліктік жол жүру тек қалалық бағдарларда жарамды.

Көлік картасына жүктелген тәуліктік жол жүру қанша уақытқа жарамды? Алған 1, 3, 5, 15 тәулікке ғана жарамды. Уақыты келгенде тариф жойылады.

Тәуліктік жол жүру бойынша неше рет жүруге болады? Тәуліктік жол жүру бойынша жүру шексіз.

Тәуліктік жол жүруді қайдан алуға болады? Тәуліктік жол жүруді барлық RTVM автоматтары, касса, www.transcard.kz сайты, Transcard, kaspi.kz, QIWI мобильдік қосымшасы және QIWI төлем терминалдары арқылы жүктеуге болады.

Тәуліктік жол жүруді қолдану үшін көлік картасы болу керек пе? Иә, тәуліктік жол жүру үшін көліктік карта қажет.

Тәуліктік жол жүруді туристер қалай пайдалана алады? Тәуліктік жол жүруді Нұр-Сұлтан қаласының қонақтары RTVM автоматтары, касса, www.transcard.kz сайты, Transcard, kaspi.kz, QIWI мобильдік қосымшасы және QIWI төлем терминалдары арқылы көлік картасына жүктей алады.

Тізімге оралу

KZ  RU