Тарифтер бойынша ақпарат! Көліктік картамен жол жүру құны:
* қалалық бағдарларда – 90 тг;
* экспресс бағдарларда – 180 тг;
* қала маңына – 90 тг және одан жоғары (аймаққа байланысты).
БІР АЙЛЫҚ ЖОЛ ЖҮРУ:
• «Айлық жол жүру. Қала» – 7500 тг;
• «Айлық жол жүру. Қала+қала маңы» – 9500 тг.
28 наурыздан қосымша жаңа жол жүру тарифтері қосылды:
Шектеусіз сапарлары бар тарифтер:
• «Айлық жол жүру. «Қала+экспресс» – 10 000 тг (қалалық және экспресс бағдарларда шексіз сапар);
• «Айлық жол жүру. «Қала + экспресс+қала маңы» – 13 500 тг;
• «3 айлық жол жүру» – 20 000 тг.
ТӘУЛІКТІК ЖОЛ ЖҮРУ
• 1 күнге – 500 тг (шектеусіз жүру);
• 3 күнге – 1 500 тг (шектеусіз жүру);
• 5 күнге – 2 000 тг (шектеусіз жүру);
• 15 күнге – 4 000 тг (шектеусіз жүру).
БІР САҒАТ ІШІНДЕ АУЫСЫП ОТЫРУ МҮМКІНДІГІ БАР САПАРЛАР:
• «15 сапар» – 2 000 тг;
• «30 сапар» – 4 000 тг.
ҚОЛДАНУ ШАРТЫ
- Айлық жол жүру бір күнтізбелік айға жарамды (әр айдың 1-30/31 дейін);
- 1, 3, 5, 15 күнге және «15 сапар»/«30 сапар» тарифтері бірінші валидация жасау сәтінен жарамды.
Ауысып отыру тарифтері 60 мин. ішінде бір рет ауысып отыруға мүмкіндік береді. Ауысып отыру мүмкіндігі бар тарифтерді көліктік картаға RTVM-автомат, касса арқылы жүктеуге болады. Тариф құны өзгермейді.