Түрлі тарифті қолдану үшін бірнеше картаның қажеті жоқ. Бір көліктік картаның әмиянына қажетті тарифті қатарынан жүктеуге болады. Бастысы олардың жұмсалу ретінен хабардар болу.
Сонымен, егер де пайдаланушының көліктік картасында бірнеше тариф (көлік әмиянындағы теңгерім, айлық жол жүру және тәуліктік тариф) болған жағдайда, олардың жұмсалуы төмендегідей:
1. Айлық жол жүру – 1, 3 ай;
2. Тәуліктік тариф – 1, 3, 5, 15 күнге;
3. «Ауысып отырумен 15 сапар», «Ауысып отырумен 30 сапар» тарифі;
4. Көлік әмиянындағы теңгерім.
Картаңызға қандай тариф жүктелсе де, соңғы болып көліктік әмияндағы қаржы жұмсалады!