Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Бүгін сағат 13:28-де «Сығанақ» пен «Бәйтерек» стансаларының аралығында кабельдің жануы орын алды. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Инфрақұрылымның жай-күйі тексеріліп, қауіпсіздігі расталғаннан кейін пойыз қозғалысы толық көлемде қайта жанданды.
Зардап шеккендер жоқ.