Бүгін CTS ұжымы «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Бекітілген аумақты қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, көшедегі жаяу жүргіншілер жолын сыпырды.