Офлайн жүйеден онлайнға көшуге байланысты көлік карталарындағы төлемдерді белсендіру барысында кейбір жолаушылар қиындықтарға тап болды.
Қазіргі уақытта бұндай төлемдер тексеріліп, тізімдер жасақталып жатыр. Осы аптаның соңына дейін бұл мәселе шешіліп, көлік карталары толықтырылады.
Сондай-ақ, көлік карталарын толықтыру Kaspi мобильді қосымшасы, RTVM-автоматтары және мамандандырылған кассалар арқылы қолжетімді екенін хабарлаймыз. Өзге банктердің және басқа мобильді қосымшаларымен толықтыру қызметтері интеграция кезінде қосылады.
Көлік картасының теңгерімін планшетте валидация жасау кезінде ғана көруге болатындығын еске саламыз.