06.11.2023

Transcard атаулы емес көліктік карталарының мерзімі - 10 жыл

Transcard атаулы емес көлік карталарын ұстаушылар үшін жақсы жаңалық, енді олардың мерзімі 10 жыл. Ескеретіні, картаның жарамдылық мерзімі өндірісте шығарылған күннен басталады.

Бұл ретте қолданыстағы атаулы емес көлік карталарының мерзімі де ұзартылды.

Мерзімді келесі жолдармен білуге болады:
- RTVM-автоматтарда, «V» тәріздес есептегішке картаны қойып;
- арнайы кассалардағы кассир арқылы;
- iKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөміріне хабарласып.

Жеңілдікті және мектеп көлік карталарының мерзімі өзгеріссіз - 5 жыл. Мерзімі бірінші валидациядан басталады.

Ескерту: Оқушы 18 жасқа толғаннан кейін мектеп көлік картасымен жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігі тоқтатылады. Бірақ теңгерімді толықтырып, оны әрі қарай пайдалануға болады.

Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігі бағдарларында жол ақысын төлеуден босату түріндегі әлеуметтік көмек жеңілдіктің мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтайды, алайда көлік картасының теңгерімін толықтыра отырып, сол картаны жол ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.

Тізімге оралу

KZ  RU