01.08.2023

"Transcard.kz" сайты арқылы тапсырыс беріп, дайын болған мектеп көлік карталарын алуларыңызды сұраймыз

Орталық кассада 1600-ге жуық дайын мектеп көлік картасы өз пайдаланушыларын күтеді. Касса Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан.

Айта кету керек, көлік картасы дайын болғанда тиісті хабарлама тапсырыс берушінің электрондық поштасына жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп көлік картасымен автобуста міндетті түрде валидация жасау арқылы тегін жол жүруге болады. Картаны орталық кассадан немесе онлайн "Transcard.kz" сайты арқылы алуға болады.

Тізімге оралу

KZ  RU