Құрметті ата-аналар, пайдаланушылар!
Transcard.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, дайын болған мектеп көлік карталарын алуларыңызды сұраймыз.
Бүгінгі күні орталық кассада дайын 1123 мектеп көлік карталары бар. Оларды Р. Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша ала аласыз.
Айта кету керек, көлік картасының дайындығы туралы хабарлама онлайн тапсырыс беру кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, елордада 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп көлік картасымен автобуста міндетті түрде валидация жасау арқылы тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Картаны Р. Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан немесе онлайн, transcard.kz сайты арқылы алуға болады.