09.02.2023

«Кәсіби шаршаудың алдын алу» тренингі өтті

Бұл күндері «CTS» ЖШС Көлік мамандарының біліктілігі орталығында «CTS» ЖШС Көлік бақылау департаменті мен Бақылау-желілік қызметінің жұмыскерлері үшін «Кәсіби шаршаудың алдын алу» атты үш күндік тренинг өтуде.

Тренинг барысында жұмыскерлер күйзеліске төзімділікті арттыру, эмоциялық шаршау кезінде өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қалпына келтіру дағдыларын дамыту әдістеріне, сондай-ақ кәсіби қызметтегі жанжалды жағдайларды азайтуға үйренеді.

Алынған білім қатысушыларға өздерінің және басқалардың эмоцияларын тануға, өздерін және басқа адамды оң нәтижеге әкелетін дұрыс эмоциялық күйге шығару қабілетін дамытуға мүмкіндік береді


Тізімге оралу

KZ  RU