11.01.2022

Әуезжай вокзалға автобустардың арнайы рейсі қатынайды

Әуезжай вокзалға автобустардың арнайы рейсі қатынайды

Алматы қаласының халықаралық әуежайының жұмысын уақытша тоқтатылуына байланысты әуе рейстері жолаушылардың кейіннен теміржол көлігі арқылы Алматыға келуі үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді.

Коменданттық сағат кезінде жолаушыларды жеткізу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» - «Нұрлы жол» вокзалы қатынасындағы маршруттық автобустардың арнайы рейсін сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 30-60 минут аралықпен іске қосады.

Төлем белгіленген 90 теңге тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Айта кетейік, арнайы рейс Алматы қаласының әуежайы жұмысын қайта бастағанға дейін уақытша жұмыс істейтін болады.

Тізімге оралу

KZ  RU