18.11.2020

Валидация не үшін қажет?

Валидация не үшін қажет?

Елордамыздың автобустарында жеңілдігі бар санаттағы жолаушылар күнделікті 87 мыңға жуық сапар жасайды және ол жолаушылар легінің жалпы санының 20% құрайды. Бүгінде қалада қоғамдық көлікте 150 мың азамат тегін жүре алады.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікте ақысыз жол жүруге келесі азаматтар құқылы: жасы мен еңбек өтілімі бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ егде жасқа жеткен және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар; көп балалы отбасылар мен аналар; он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) бірі; мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Сондай-ақ, биылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін.
Тегін жүру үшін міндетті түрде жеңілдігі бар атаулы көлік картасы болу керек.

Ол не үшін қажет?

Бұл сапарды тіркеу үшін маңызды, соның негізінде біз сапарлар санын аламыз, ол өз кезегінде біздің мамандарға жолаушылар легінің нақты көрінісін байқауға көмектеседі (бағдарларды өзгерту және қосу, сұранысқа ие бағдарларды жолаушылар ағынын азайту, яғни қосымша автобус қосу, бағдарларды бөлу).

Сонымен қатар валидация жеңілдігі бар санаттағы азаматтардың сапарларын нақты есепке алуға көмектеседі және тасымалдаушыларға шығындарды есептеуге мүмкіндік береді.

Осылайша Сіз елорданың көлік жүйесін жақсартуға көмектесіп, қаламызды ыңғайлы етуге ат салысасыз! Валидация жасауды ұмытпайық!

Тізімге оралу

KZ  RU