Достар!
Ертеңнен, 25 сәуірден, елордада «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылатыны туралы қуана хабарлаймыз. Велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9:00-ден бастап қолжетімді болады.
Велосипедтер мен велостансаларды қосу қала бойынша кезең кезеңімен жүреді, яғни:
25 сәуірде: 600 велосипед пен 76 велостанса,
26 сәуірде: 100 велосипед+ 20 велостанстанса;
27 сәуірде: 100 велосипед + 22 велостанса;
28 сәуірде: 100 велосипед+ 22 велостанса;
29 сәуірде: + 14 велостанса.
Сәуір айының соңына дейін барлығы 154 велостанса мен 900 велосипедті іске қосу жоспарлануда.
Абонементтерді сатып алу, веложалдау бойынша барлық ақпарат www.velobike.kz сайтында.
Велосипедтерді пайдалану 24/7 қолжетімді.
Сәтті сапар тілейміз!