31 қазанда қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады. Барлық станциялардағы велосипедтер 31-нен 1-не қараған сағат 00:00-де бұғатталады. Осыдан кейін жалдауды пайдалану мүмкін болмайды.
Теңгерім келесі маусымға ауыстырылады. Ал абоненттік төлем сақталмайды. Қаласаңыз теңгерімде қалған қаржыны Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасынан қайтарып алуға болады.