Тәуліктік абонементтер – шетелдіктер мен туристерге арналған тариф түрі. Абонементтер 24/7 қолжетімді және оларды шектеусіз пайдалануға болады.
Тәуліктік абонементтер:
● 1 тәуліктік – 3 500 теңге;
● 3 тәуліктік – 9 000 теңге;
● 7 тәуліктік – 17 500 теңге.
Тәуліктік тарифтерді қолдану үшін:
• www.velobike.kz сайтына тіркеліп;
• банк картасы арқылы абоненттік төлем енгізіп;
• депозиттік кепілді енгізу қажет.
Депозиттік кепіл – 37 500 теңгені құрайды. Бұл – велосипедтің стансаға қайтарылуының кепілі. Жалдау аяқталғаннан кейін, депозиттік кепіл қайтарылады.