15.06.2023

Велосипедті дұрыс қойғаныңызға көз жеткізіңіз!

Велосипедті слотқа қойғаннан кейін, дыбыстық сигналды және экрандағы «Возврат.ОК» жазбасының шығуын күтіңіз. Жалдауды аяқтап, басты мәзір шығу үшін «ОК» басыңыз.
Экранда «1. Карта. 2. ID» мәтін шығуы тиіс.

Сондай-ақ телефон нөміріңізге велосипедті жалға алудың аяқталғаны туралы SMS хабарлама келеді.

SMS келмеген жағдайда, велосипед дұрыс қойылмаған және жалдау аяқталмаған болып есептеледі. Ондай жағдайда велосипедті тұраққа қою әрекетін қайталау керек.
Тұраққа қайта қою әрекетінен кейін де SMS келмесе, 109 нөмеріне хабарласыңыз.
Тұраққа дұрыс қойылмаған жағдайда сіздің теңгеріміңіз жойылып кетеді және жағдай шешілгенге дейін велошеринг қол жетімсіз болады.


Тізімге оралу

KZ  RU