1. Velobike.kz сайтында тіркеліп, абонемент сатып алыңыз.
Телефон мен банк картасы қажет болады. Тіркелу барысында жалдауға рұқсат алу үшін Сізге ID және PIN бар SMS жолдаймыз. Велосипед жалдауды пайдалану үшін сайтта немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы абонемент сатып алыңыз.
2. Стансадан велосипед алыңыз.
Велосипед дисплейінде ID және PIN енгізіңіз. Онда «Старт удался, счастливого пути!» жазуын күтіңіз, содан кейін велосипедті алыңыз.
3. Велосипедті пайдаланыңыз.
30 минутқа дейінгі уақыт жалдау рұқсатына кіреді. 30 минуттан артық пайдаланған үшін қосымша төлем жасалады. Оның ақысы шотыңызда болуға тиіс міндетті бітпейтін қалдықтан (500 тг.) алынады. Велосипедті кез келген стансаға қоюға болады.
4. Велосипедті қайтарыңыз.
Велосипедті кез келген стансаға қоя аласыз. Дисплейдегі «Возврат. ОК. До свидания» жазуды және жалдаудың аяқталғаны туралы SMS хабарламаны күтіңіз.
SMS келмеген жағдайда, велосипед жалдау аяқталмаған болып саналады.
Толық нұсқаулықты velobike.kz сайтынан таба аласыздар.