09.07.2025

Үй жануарларын қоғамдық көлікте тасымалдау ережелері

Құрметті жолаушылар!

Жолаушылар мен жүкті тасымалдау қағидаларына сәйкес, келесі талаптар сақталған жағдайда, қоғамдық көлікте жануарларды тасымалдауға рұқсат етіледі:
Ұсақ жануарлар мен құстар арнайы жабық торларда немесе тасымалдауға арналған арнайы сөмкелерде тасымалдануы тиіс.
Иттер автобустарда топталу алаңшаларында ғана тұмылдырықпен және қарғы баумен тегін тасымалданады
Белгіленген ережелерді сақтамаған жағдайда жүргізуші жолаушыны үй жануарымен бірге автобус салонына кіргізбеуге құқылы.

Осы ережелерді сақтай отырып, өзіңіздің және өзге жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет! Жақсы сапар тілейміз!

Тізімге оралу

KZ  RU