09.06.2020

Мектеп картасындағы қаржыны қайтарып алуға болады

Мектеп картасындағы қаржыны қайтарып алуға болады

Өздеріңіз білетіндей, 28 наурыздан бастап қоғамдық көлікте жаңа тарифтер енгізілді. Енді Нұр-Сұлтан қаласында немесе елорданың қала маңы аудандарында тұратын 18 жасқа дейінгі балалар қала, экспресс және қала маңы бағдарларында тегін жүреді.  Балалар міндетті түрде жол жүруді тіркеуі керек, яғни валидация жасауы шарт.  Карточка болмаған жағдайда жол жүру толық төленеді:
- Қала – 90 теңге;
- Экспресс – 125 теңге;
- Қала маңы – аймақтар бойынша.

Баланың мектеп картасында қаржы қалған жайдайда, оны 16 жасқа толған жолаушының өзі ғана немесе ата-анасы қайтара алады. Ол үшін адамның жеке басын куәландыратын құжат және көліктік карта қажет.
Мектеп картасындағы қаржыны қайтару мәселесімен Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекен-жайында орналасқан орталық кассаға жолығу керек. Касса дүйсенбі-сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат: 9.00 мен 18.00 аралығында жұмыс істейді. Демалыс күні – жексенбі!  
Баланың айлық жол жүру картасындағы қаржы қайтаруға жатпайды.

Тізімге оралу

KZ  RU