31.12.2020

Жаңа 2021 жылмен құттықтаймыз!

Жаңа 2021 жылмен құттықтаймыз!

Ескі жыл әртүрлі оқиғаларға толы болды. Коронавирус пандемиясы қалыпты өмірімізді айтарлықтай өзгертіп, көбімізге санқилы қиындық пен ауыртпалықты жүктеді. Бұл елордамыздың қоғамдық көлік жұмысына да әсер етті. Бетперде тағу мен дезинфекция өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, ал санитарлық нормаларды сақтау жолаушылар қауіпсіздігінің міндетті шарты болды.

Жаңа жыл тек оң өзгерістер әкеледі деп үміттенеміз. Әр сәт сізге бақыт пен қуаныш сыйласын. Ең бастысы, зор денсаулық тілейміз. Жаңа жыл әр шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Тізімге оралу

KZ  RU