10.02.2023

Жаңа қала маңы бағдары № 328

Ынтымақ ауылы тұрғындарына жағымды жаңалық!

11 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын жаңа № 328 бағдары іске қосылады және Ынтымақ ауылына қызмет көрсететін болады.

Жаңа бағдар Тілендиев даңғылындағы «Шұғыла» аялдамасынан «Ынтымақ» ауылына дейін қатынайды.

Бұл бағдарға «Iveco Daily» автобусы (1 бірлік) қызмет көрсетеді. Журу кестесін парақшамыздың актуалды сторисінен көруге болады.

Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап, таныс бола аласыздар.

Сәт сапар тілейміз!


Тізімге оралу

KZ  RU